Тұрапова Рахат Орынбасарқызы 15 сәуір 1972 ж. Абай ауылы, Луговой ауданы, Жамбыл облысында дүниеге келген. 1990 жылы СМ. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің география факультетіне оқуға түсті.1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің «География» мамандығы бойынша география факультетін бітірді. 1995-1997 жж әл-Фараби атындағы ҚазГҰУ де тәлімгер-зерттеуші болып қабылданды. 1997 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың күндізгі бөліміне аспирантураға түсіп, 2000 жылы аспирантураны аяқтады. 2001-2006 жылдар аралығында оқытушы, 2006 жылдан осы уақытқа дейін ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультеті картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарды. Турапова Р.О. 30-дан астам ғылыми мақала, 2 оқу құралы жазған. «Қазақстанның аридті зонасының тау-кен аймақтарының платформа-денудациялық жазықтарының экологиялық-геоморфологиялық жүйелері» тақырыбындағы ғылыми жобаға қатысты.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1995
Қызығушылығы